10.02.2025
2025 жылғы 7 ақпанда Ақтөбе облыстық сотының ұйымдастыруымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің “Мәңгілік ел” залында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы Д.С.Әмірдің, Ақтөбе облысының әкімі Шахаров Асхат Берлешұлының және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен “Мемлекеттік тілдің сот жүйесінде қолданылуы” тақырыбына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті.
Аталған шараға институтымыздан жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі Нурланов Еламан Нуржанович “Қазақстандық полиция қызметкерлерінің кәсіби құзыретін қалыптастырудағы мемлекеттік тілдің рөлі” атты баяндамасымен қатысты. Конференция барысында мемлекеттік тілдің ауқымын кеңейту және мемлекеттік органдар жүйесінде ана тілге басымдылық беру керектігі алға тартылды.


