Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

18.01.2025

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының орынбасары полиция полковнигі А.Сахарбай жексенбі күні курсанттармен кездесіп, “Заң мен тәртіп” қағидаты аясындағы Ішкі істер министрлігінің талаптарымен таныстырды. Соның ішінде, жаңа заң нормаларына сәйкес есірткі зат айналымына қатысы бар кінәлі полиция қызметкерлеріне өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылатындығы жеткізіліп, осы тақырыпта бейнефильм көрсетілді. Мұндай шаралар болашақ жас полицейлердің құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, кәсіби тұлғасының дұрыс қалыптасуына зор септігін тигізеді.