6.01.2025
Институт бастығы полиция полковнигі Нұркен Жанболатұлы Мұхаметқалиевті зейнеткерлік демалысқа салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.
Нұркен Жанболатұлы шебер көшбасшылық қасиетімен, заманауи саясатымен, жаңашылдық жолымен оқу ордасының ілгері дамуына зор ықпал етіп, жаңа істердің жаршысы болды. Ұзақ жылдар бойы құқық қорғау саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, өнегелі үлгісімен, жоғары адамгершілігімен институт ұжымына жол көрсете білді.
Осындай қимас сәтте институттың Ардагерлер кеңесі мен ұжымы институт бастығына келелі істерін ерекше құрметпен атай отырып, жылы лебіздерін білдірді. Бірге атқарылған жұмыстардың жылы естеліктерінен бейнероликтер көрсетіліп, алғысхат табысталды, естелік сый-сияпат жасалды.
Абыройлы еңбекпен жеткен зейнеткерлікпен полиция полковнигі Нұркен Жанболатұлы Мұхаметқалиевті шын жүректен құттықтаймыз!
Өмірдің жаңа сатысында шығармашылық шабыт, мықты денсаулық, отбасы берекесін тілейміз!