Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

12.12.2024

2024 жылдың  12 желтоқсанында  ЖЗП кафедрасының  «Заңгер» ғылыми- зерттеу үйірмесінің аясында Қазақстан Республикасы тәуелсіздік түніне арналған мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан:заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм»
атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ИДЕОЛОГИЯСЫН ОРНЫҚТЫРУ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ» тақырыбында  дөңгелек үстел  өткізілді.

Дөңгелек үстелге институтымыздың 1 курс курасанттары қатысып, өз баяндамаларын ұсынды. Дөңгелек үстел барысында «Заң және тәртіп» қа­ғи­датын орнықтыру, кез келген құқық­бұзу­шы­лыққа мүлдем төзбеушілік жағдайын қа­­­лыптастыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұ­мыстар туралы, құқықбұзушылықтың алдын алу және аза­маттардың құқықтық сауатын арттыру мә­селелері қарастырылды.

Бұл кұнды деректерге толы кездесу болды және де  «Заңгер» ғылыми үйірменің мүшелері дөңгелек үстелдің баяндамашыларына сұрақ қойып, пікір алмасты.   

Заң мен тәртіпке бағынған ел ғана қауіп­сіз қоғам, құқықтық мемлекет қалыптастыра ала­ды. Заңды сақтау – әділеттіліктің, теңдік пен тәртіптің кепілі.