Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

20.12.2024

Бүгінгі таңда жас оқытушылар үшін оқу процесінің басты міндеті- замана көшінен қалып қоймай, уақыт талабына сай педагогикалық шеберлікті арттыру, заманауи сабақтарға қойылатын талаптарды игере отырып, ақыл-ой, танымдық қабілеттерін дамыту.

Институтта жұмыс істейтін жас оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру, тәрбиелеу мақсатында «Педагогикалық шеберлік мектебі» өз қызметін жүзеге асырып келеді.

Шеберлік мектебінің жоспарына сәйкес 2024 жылғы 20-шы желтоқсанда жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы, з.ғ.к., полиция полковнигі Ибраева Айгуль Касымбековна «Заманауи сабаққа қойылатын талаптар: сабақтың негізгі кезеңдері, әдістерді таңдау және оқыту тәсілдері» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәрісте: сабақтың негізгі кезеңдері, әдістерді таңдау, оқыту тәсілдері, оқытушының өз сабағын талдауы, сабақтағы жұмыстың оңтайлы қарқыны мен ритмі, ұйымдастырушылық-әдістемелік талаптар, сабақ өткізу үшін әдістемелік өңдеуді дайындау,  оқу сабағының психологиялық жайлылығын құру туралы сұрақтар кеңінен талданып, заманауи оқытушы моделі туралы ой түйінделді.

Қазіргі заманғы оқытушы-бұл заманауи талаптарға сай келетін, жан-жақты білімі, жаңашыл ойлау қабілеті бар, жеткілікті біліктілігі мен кәсіби шеберліктің шыңдарына ұмтылатын адам.

ХХІ ғасырдың басында Ж.Аймауытов: «оқыту – бұл жай ғана дағды емес, жаңасын табу өнері», – деген екен. Оқытушы уақытты өткізу үшін әдістерді қолданбайды, ол сабақ мақсатына жету үшін әр жүрекке бір сәуле жағу үшін әдістер пайдаланады.