9.12.2024
Кәсіби психологиялық даярлық кафедрасының оқытушысы полиция подполковнигі С.А.Мендыбаева 2024 жылдың 09 желтоқсанында күні алғашқы даярлық курсының 6 оқу тобының тыңдаушылары арасында «Заң мен тәртіп» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел барысында полиция подполковнигі С.А.Мендыбаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың заң мен тәртіпті нығайтуға бағытталған саяси көзқарастарын студенттерге жан-жақты жеткізді. Ол елдегі құқықтық мәдениетті арттырудың маңыздылығына тоқталып, қоғамның тұрақтылығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әрбір азаматтың заңға құрмет көрсетуі қажеттігін ерекше атап өтті.
Алғашқы даярлық курсының 6 оқу тобының тыңдаушылары тақырыпқа қатысты пікірталасқа қатысып, өз ойларымен бөлісті. Мемлекет басшысының тұжырымдамаларын қолдайтындарын айтып, өзара пікір алмасу арқылы заң мен тәртіптің қоғамдағы рөлі туралы тереңірек түсінік қалыптастырды. Сондай-ақ, шара аясында құқықтық сана мен жауапкершілікті арттырудың нақты тетіктері, оның ішінде жастардың құқықтық сауаттылығын дамыту жолдары талқыланды.
Тыңдаушылар құқықтық мәдениетті қалыптастыруда білім беру ұйымдарының рөлі мен мұндай шаралардың маңыздылығын атап өтті.