Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

6.12.2024

Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының ПОҚ азаптауларға және тергеу мен анықтаудың басқа да заңсыз әдістеріне қарсы күрес, сондай-ақ ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселелері бойынша қонақтық дәріс өтті.
Баяндамашы ретінде осы салада көп жылдық тәжірибесі бар ПД ӨҚБ аға тергеушісі, полиция майоры Төлебаев А. «Азаптауға қатысты істерді тергеу кез келген жүйе үшін қиын мәселе. Бұл жерде тек шындықты анықтап қана қоймай, заңның барлығына қатысты екенін қоғамға дәлелдеу маңызды», – деп атап өтті дәріскер.
Қонақтық дәріс болашақ құқық қорғау қызметкерлерінің кәсіби мәдениетін қалыптастырудағы үлкен қадам болды. Мұндай іс-шаралар тәжірибе алмасуға ғана емес, сонымен қатар әділдік пен заңдылық іргелі ұстаным болып қала беретін мамандардың жаңа буынын тәрбиелеуге мүмкіндік береді.