Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

25.11.2024

Жеке тәрбие жұмысы қызметкерлердің жеке және кәсіби қасиеттерін дамытуда, олардың тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады және табысты кәсіби өсуге ықпал етеді.

2024 жылғы 25 қарашада тәрбие жұмысы бөлімі психологиялық қызметпен бірлесіп институт бөліністері басшыларының кәсіби құзыреттілігін арттыру, жеке тәсіл әдістерін меңгерту, көшбасшылық қасиеттерін дамыту, сын-тегеуріндер мен жанжалдармен күресу дағдыларын үйрету, сондай-ақ қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында «Қызметкерлер арасында жеке тәрбие жұмысын ұйымдастыру» семинар-тренингі шеңберінде отырыс өткізді.

Семинар-тренинг барысында қызметкерлердің жоғары моральдық рухын қалыптастыру мәселелері қаралды, басшылар тәрбие жұмысын ұйымдастыру және қиындықтарды еңсеру мысалдарымен, тікелей басшылардың, тәрбие бөлімі мен психолог қызметкерлердің тұрақты өзара іс-қимыл алгоритмдерімен, ішкі істер органдары қызметкерлерінің Әдеп кодексі туралы ІІО басшыларының бұзушылықтарды уақтылы анықтау және оларға ден қою алгоритмдерімен бөлісті.

Бөлініс басшыларының оң пікірлері мен практикалық тапсырмаларға белсенді қатысуы осы тақырыпқа жоғары қызығушылық пен алған білімдерін білім беру қызметінде қолдануға дайын екендігін көрсетті.