22.11.2024
ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі А. А. Алмағамбетова ҚР ІІМ М. Бөкенбаев Ақтөбе заң институтына оқуға түсу шарттарын, сондай-ақ құқық қорғау органдарында қызмет өткерудің келешегін жеткізу мақсатында Ақтөбе қаласының № 14 орта мектебінің 11 сынып оқушыларына кездесу өткізді. Кездесуге мектеп басшылығы мен сынып жетекшілері қатысты.
Кездесу барысында оқу орны туралы бейнероликтер мен презентациялар көрсетіліп, брошюралар таратылды, сондай-ақ кері байланысты қамтамасыз ету үшін мектеп басшылығына талапкерлерге арналған ватсап-топқа сілтеме жіберілді.