Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

25.11.2024

Бүгін №41 мектеп-гимназиясында поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына арналған “Фариза поэзиясы: ұлттық мүдде және жаһандық бағытта зерттеу мәселелері” тақырыбында Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Еліміздің ақындық өнерінің дамуына ықпал етіп, өршіл поэзиясын өскелең ұрпаққа мәңгі мұра етіп қалдырған халық жазушысы, журналист Ф. Оңғарсыноваға арналған ауқымды шараның пленарлық бөлімінде институт бастығының орынбасары полиция подполковнигі Е. Қайнар ақын өлеңдерінің өршілдігін, Отансүйгіштікке, туған өлкені сүюге баулитынын тілге тиек етсе, 1 курс курсанттары поэзия жанрының жарқын үлгісі Ф. Оңғарсынованың жалынды жырларын жатқа оқыды.