Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

22.11.2024

2024 жылғы 22 қарашада тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығының аға оқытушы-әдіскері полиция подполковнигі А.М.Байманова Ақтөбе қаласындағы №18 орта мектептің 11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру шарасын өткізді.

Болашақ түлектермен кездесу барысында полиция подполковнигі А.М.Байманова Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына оқуға түсудің мүмкіндіктері мен негізгі талаптар туралы айтты. Ол институттың ішкі істер органдарына кадрлар дайындайтын жоғары оқу орны екенін атап өтті және институт туралы бейнеролик көрсетілді.