14.11.2024
2024 жылғы 14 қарашада Ақтөбе қаласындағы колледждердің студенттері арасында азаматтар арасында құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және құқықтық тәртіп мәдениетін қалыптастыру мақсатында кездесулер өткізу медиа-жоспары аясында қылмыстық құқық және криминология кафедрасымен Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің студенттерімен «Азаматтардың жан-жақты қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заң үстемдігін сақтау» тақырыбында кездесу өткізілді.
Бұл кездесудің басты қағидаттарының бірі жеке тұлғаны, оның заңды құқықтары мен мүдделерін жан-жақты құқықтық қорғау, халықтың құқықтық сауатсыздығын жою қазіргі демократиялық қоғамның маңызды міндетіне айналғанын түсіндіру болып табылады.