Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

15.11.2024

2024 жылғы 11 – 15 қараша аралығында Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығы «Тұрмыстық зорлық-зомбылықты ерте анықтау және алдын алу мәселелері бойынша білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының (КТБО, ККО) құзыретін арттыру» тақырыбында оқу ұйымдастырылды.
Оқуға келген білім беру орындарының педагог-психологтарына «Малика» тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығына (Ақтөбе қ.), «Атамекен» қоғамдық ұйымына (Ақтөбе қ.), Ақтөбе қаласының 25-ПБ жанындағы қызмет көрсету орталығына, кибер-полиция бөлімшесіне және Ақтөбе психоневрологиялық диспансеріне шығу сабақтары ұйымдастырылды.