11.11.2024
2024 жылғы 11 қарашада Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығы «Тұрмыстық зорлық-зомбылықты ерте анықтау және алдын алу мәселелері бойынша білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының (КТБО, ККО) құзыретін арттыру» тақырыбында білім алушыларға арналған оқу ұйымдастырылды (Ақтөбе қаласы білім беру орындарының педагог-психологтары). Орталықта сабақ өткізу үшін Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының кафедра бастықтары, олардың орынбасарлары, профессорлар мен доценттер, сондай-ақ ведомстволық және өзге де жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары, ғылыми-педагогикалық қызметкерлері, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саласындағы мамандар тартылды.