30.10.2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтымен 2024 жылдың 30 қазанында офлайн, онлайн режимінде «Педагогтың кәсіби тәлімгерлігі-білім беру сапасын арттырудың кепілі» тақырыбында Республикалық дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға С.Баишев атындағы университетінің «Жас ғылымдар» кеңесінің төрағасы В.М.Балмагамбетова, Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының профессорлық-оқытушы құрамы, сонымен қатар Институттың профессорлық-оқытушы құрамы қатысты.
Дөңгелек үстел өткізудің мақсаты — сапалы білімге әсерін тигізетін педагогтардың кәсіби тәлімгерлілігі туралы актуалды мәселелерді талқылау болды.
Дөңгелек үстелдің негізгі қорытындысы мен одан алынған нәтиже қорытынды ұсыным ережесіне қалыптастырылып, қатысушылармен мақұлданды.