Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

10.10.2024

Бүгін институт басшылығы Ардагерлер кеңесінің төрағасы В. Сюняковпен бірлесіп ішкі істер органдарының ардагері Улукпанов Сапаргали Фазыловичті 70 жас мерейтойымен шаңырағына арнайы құттықтап барды. Бүгінде балалары мен немерелерінің ортасында бақытты ғұмыр кешіп жатқан зейнеткер институтта курсанттарға сапалы білім беріп, олардың саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосты. Оқу ордасының басшылығы институттың дамуына септігін тигізген ардагерге алғыс білдіріп, марапаттарын табыстады.

Наш Телеграм канал https://t.me/auimvdrk/87