Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

9.09.2024

Отбасы күніне орай институтқа тыңдаушылармен және курсанттармен кездесуге Алтын алқа иегері, Жоғары соттың төсбелгісінің иегері, ҚР Үздік әйелдер төсбелгісінің иегері, медиатор Бибігүл Әбілдаева және ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР журналистер Одағының мүшесі, “Шолпы” қоғамдық қорының басшысы, республикалық “Ана” журналының редакторы Алмагүл Сүндетқызы шақырылды.

Жиын қонақтары болашақ полицейлерге отбасындағы құндылықтар, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жанұя институтын нығайту мәселелерін кеңінен әңгімелеп берді. Сондай-ақ қоғамдағы отбасының рөлі мен маңызы, лудомания, әйелдердің құқығын қорғау мәселелері де назардан тыс қалған жоқ.

Жиын соңында қонақтарға институт басшылығының Алғыс хаттары табысталды.