Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

2.07.2024

2024 жылғы 01 шілдеде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының құрылған күнінен бастап өркендеуіне, оқу орнының кадрлық әлеуетін көтеріп, сапалы мамандармен толықтыруға  айтарлықтай үлес қосқан Ішкі істер органдарының ардагері Лаукенов Дүйсен Ашировичтің 75 жас мерейтойымен Институт басшылығының атынан имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар бөлімінің қызметкерлері, әрі Ақтөбе облысы полиция департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Даулеталин Ғалым Елкеевич және институттың ардагерлер кеңесінің төрағасы Сюняков Валерий Александрович пен бірлесіп  құттықтады.

Ішкі істер органдарының ардагері Лаукенов Дүйсен Аширович Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай жоғары мектебінің  Ақтөбе филиалында 1996 жылы ең алғаш ашылған күннен бастап қызмет атқарып, 2004 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе  заң колледжі бастығының кадр және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымынан зейнетке шықты. Бүгінде құрметті ардагер отбасында немере-шөберелерінің ортасында бақытты ғұмыр кешуде.