30.03.2024
Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің өтінімі бойынша «Әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу ерекшеліктері және қылмыстық жауапкершілік» және «Балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабылетсіз ата-аналарын, еңбекке қабылетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару және сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау жөніндегі құқық бұзушылықтардың қылмыстық жауаптылығы және алдын алу (ҚР ҚК 139 және ҚР ҚК 430 бабы)» тақырыптар бойынша екі ғылыми зерттеу жүргізуде.
Осы зерттеулер шеңберінде ағымдағы жылдың 30 наурызында кафедра бастығы полиция полковнигі Н.Т.Саханова ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы полиция полковнигі М. Ж. Қожаевтың төрағалығымен өткізілген ҚР ІІМ ғылыми-техникалық кеңесінің №2 бейіндік секциясының отырысында «ІІО Қылмыстық-процестік қызметін жетілдіру» тақырыбында 2024 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша баяндама жасады.
Өз баяндамасында ол зерттеудің бастапқы кезеңінің қорытындылары, ҚР ҚК 108-1 (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) және 109-1 (ұрып-соғу) баптарын тергеу бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу барысы, өткізілетін және жоспарланған іс-шаралар туралы айтып берді, сондай-ақ зерттеу қорытындылары бойынша ғылыми еңбектердің құрылымы мен мазмұнын белгіледі.









