17.02.2024
Командалық рухты көтеру және өзара қарым-қатынастарын жақсарту мақсатында демалыс күні табиғат аясында басшылықпен ұйымдастырылған, демалыс орнында институт қызметкерлерінің арасында ауқымды тимбилдинг өткізілді.




Аталған шараның мақсаты – қызметкерлердің ұйымшылдығын жоғарылату, бір-бірінің жеке қасиеттерін танып-білу, бірігіп жұмыс жасауға ынталандыру, жоғары тиімділігі бар бірлескен әрекеттер тәжірибесін қалыптастыру, бейімділігін дамыту.






Тимбилдинг қатысушыларға керемет көңіл-күй сыйлады. Қызметкерлер топтық қызықты ойындарға қатысып, жеңімпаздар марапатталды.



Өткізілген корпоративтік шара команданың әрбір қатысушысының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін аша отырып, ұжымның бірлігін нығайтуға үлкен септігін тигізді.




