Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

26.01.2024

2024 жылғы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі Н.Мухаметкалиев алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларымен Ұлы Отан Соғысының батыры милиция майоры Малкеджар Бөкенбаевтың 100 жылдығына арналған тақырыптық кездесу өткізді. Кездесу барысында тыңдаушыларға батырдың өмір жолдарын және ерең ерлігі туралы жеткізді.
Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан түлектеріміз полиция капитаны Р.Кенжалин мен полиция лейтенанты М.Рахматуллаевтың ерліктеріне де тоқталды.
Кездесу соңында тыңдаушылар батырларымыздың ерліктерімен батылдықтары және қайсарлықтары үшін алғыстарын білдірді.