29.05.2021
2020 жылғы 29 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске» қол қойды.
Кодекс 2021 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы мен ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында Ақтөбе облысының мемлекеттік қызметшілеріне жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті түсіндіру бойынша бірлескен жұмыс жүргізілді.
ӘРПК қабылдау мақсаты:
1. Басқарушылық қызметте конституциялық құндылықтарды жүзеге асыру.
2. Мемлекетпен қатынастарда азаматтардың жария құқықтарын іске асыру және қорғау
3. Мемлекеттік әкімшіліктің тиімділігін арттыру
4. Әкімшілік құқықты жүйелеу










