26.03.2026
2026 жылғы 26 наурызда институттың құрылғанына 30 жылдық мерейтойына орай, арнайы-тактикалық даярлық, дене шынықтыру даярлығы кафедралары және тәрбие бөлімі бірлесіп, әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту және курсанттардың кәсіби даярлық деңгейін арттыру мақсатында әскери эстафета ұйымдастырды. Бұл эстафета кәсіби даярлық факультетінің 1 және 2 курс курсанттары арасында өткізілді.
Әскери эстафета барысында курсанттар бірнеше күрделі тапсырмаларды орындады. Олар кедергілер жолынан өтіп, физикалық төзімділіктерін және жылдамдықтарын сынады. Сонымен қатар, курсанттар противогаз киіп, арнайы дайындалған жер асты өткелдерінен өтіп, шектеулі кеңістікте икемділік пен шыдамдылықтарын көрсетті. Эстафетада атыс қаруын жартылай бөлшектеп жинау және қайта жинау сияқты әскери дағдыларды жетілдіруге арналған практикалық тапсырмалар да енгізілді. Сонымен қатар, командалық рухты дамыту мақсатында топтық жаттығулар мен тапсырмалар орындалды, бұл курсанттардың өзара ынтымақтастығын арттырып, жауапкершілік сезімін күшейтті.
Эстафета соңында барлық қатысушылардың кәсіби даярлығы бағаланып, үздік көрсеткіштерге ие курсанттар мадақтамалармен марапатталды. Бұл іс-шара курсанттардың физикалық және психологиялық төзімділігін арттыруға, сонымен қатар әскери-қолданбалы спортқа деген қызығушылықтарын оятуға бағытталған маңызды шара болды.










