29.10.2025



2025 жылдың 29 қазан күні институттың IV тоқсанға арналған ұйымдастырушылық-идеологиялық іс шараларының жоспарына сәйкес С.Торайғыровтың туған күніне орай ұйымдастырылған “Торайғыров халықты оятты. Оқытушы сананы оятады. Ал құқық еркіндікті қорғайды” атты Ақтөбе заң институтының профессорлық-оқытушылық құрамы арасында өткен онлайн байқаудың қорытынды әдеби кеші өтті. Аталған іс-шарада С.Торайғыровтың өмірбаяны мен өлеңдері оқылып, онлайн байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.
Әдебиеттің ақтаңдағы болған С.Торайғыровтың өмір жолы және шығармашылығы курсанттарға үлкен тағылым болмақ.






