Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының күні

7.09.2025

2025 жылғы 6 қыркүйекте Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының күніне орай институттың профессорлық-оқытушылық құрамы магистранттармен бірлесе отырып, курсанттар мен тыңдаушыларға арналған таныстыру кездесуін өткізді.
Іс-шара институт аумағында орналасқан ғылыми оқу корпусында ұйымдастырылып, жылы әрі достық атмосферада өтті. Қатысушылар кафедраның қызметі туралы толық мәлімет алып қана қоймай, оқытушылар құрамымен, олардың ғылыми ізденістері мен кәсіби бағыттарымен де жан-жақты танысты.
Мұндай кездесу білім алушылардың кафедра ерекшелігі туралы тұтас түсінік қалыптастыруына, таңдалған мамандыққа деген қызығушылығын арттыруына және болашақ кәсіби қауымдастықтың бір бөлігі ретінде өзін сезінуіне ықпал етті.