Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Қылмыстық құқық және криминология кафедрасы

14.01.2025

Қылмыстық құқық және криминология кафедрасы

ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы АЗИ қылмыстық құқық және криминология кафедрасы қылмыстық-құқықтық пәндер саласында білім беру қызметін қамтамасыз етеді. Оқыту бакалавриат, магистратура және алғашқы кәсіптік даярлық курсы бағыттарында білім беру жұмыстарын атқарады. Оның негізгі мақсаты курсанттардың, магистранттардың және тыңдаушылардың Қазақстан Республикасының Қылмыстық және қылмыстық-атқару құқығы саласында нақты терең білім алуы үшін, олардың одан әрі кәсіби қызметінде қажетті нақты қылмыстық-құқықтық қатынастар саласында білім, білік және дағдыларды игеруі үшін жағдайлар жасау болып табылады. Оқыту мынадай пәндер бойынша жүргізіледі: Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару құқығы, криминология, қылмыстарды саралаудың теориялық негіздері, құқық бұзушылықтардың профилактикасы, қылмыстардың жекелеген түрлерінің криминологиялық ерекшеліктері, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы. Сонымен қатар кафедрада «Фемида» ғылыми үйірме жұмыс атқарады.

  Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы үлкен теориялық және практикалық тәжірибеге ие, бұл мамандықтың білім беру бағдарламаларын сәтті игеру үшін оқытудың әртүрлі заманауи әдістері мен методикаларды қолдануға мүмкіндік береді.

Кафедра аға-оқытушысы

полиция подполковнигі

Жубандыкова Ляззат Абилкаировна

Кафедра аға-оқытушысы

полиция подполковнигі

Муканова Динара Серикбековна