Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Қоғамдық тәртіпті түсіндіру мақсатында «Тәртіпті бол» тренингі ұйымдастырылды

31.12.2024

2024 жылғы 27 желтоқсанда КОҚҰ кафедрасының бастығы полиция подполковнигі Е.Алдияров Ақтөбе қаласы №74 ЖББОМ 10-11 сынып оқушыларына ішкі істер органдарының «Заң және тәртіп» қағидатын ақпараттық жариялау жөніндегі медиа-жоспардың 6-тармағына сәйкес «Тәртіпті бол» тақырыбында тренинг өткізді.

Аталған іс-шараның мақсаты – жоғары сынып оқушыларына қоғамдық тәртіпті бұзудың құқықтық және моральдық салдарын түсіндіру, оларды тәртіптілік пен жауапкершілікке шақыру, қоғам алдындағы борыштары туралы жаңа түсінік ұялатуға бағытталды.