Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері

25.06.2025

2025 жылғы 25 маусымда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қабырғасында Заң мен тәртіп идеологиясын іске асыру аясында «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері» тақырыбында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының (бұдан әрі Комиссия) ұйымдастыруымен семинар-тренинг өткізілді.
Семинарға Комиссия төрағасының орынбасары Тастемір Дәуітұлы Әбішев, Астанадағы ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалар Офисі Басшысының міндетін атқарушы Ю.Фенопетов, Комиссияның мүшесі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры С.Б.Жаркенова, Комиссия мүшесі және Ұлттық Құрылтайдың мүшесі, заңды тұлғалардың «Қазақстан дағдарыстар орталығы» қоғамдық бірлестігі басқармасының төрайымы, «Жан-Сая» дағдарыс орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры З.М.Байсақова, Комиссияның мүшесі, Астана қаласы Адвокаттар алқасының адвокаты, Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының Кәмелетке толмағандар жөніндегі заң консультациясының меңгерушісі И.Ю.Осокина қатысты.

Семинарда Қазақстандағы адам құқықтарын қорғауға арналған нормативтік-құқықтық базасындағы жаңалықтар жан-жақты қарастырылып, қатысушылар адам құқықтары саласында білімді өрістету ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Қоғамда құқықтық тәртіп пен заң үстемдігін қамтамасыз ету арқылы азаматтардың қауіпсіз, еркін әрі әділетті өмір сүруіне жағдай жасау — заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілетудегі аса маңызды шаралардың бірі болып табылады.