Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«Қазақ тілі – болашақтың тілі» тақырыбында семинар өтті

22.06.2026

2026 жылғы 22 маусым күні институтта мемлекеттік тілді дамыту, насихаттау және оның қоғамдағы рөлін арттыру мақсатында  ұйымдастырылған «Болашаққа қазақ тілімен» іс-шаралар акциясының жоспарына сәйкес «Қазақ тілі – болашақтың тілі» тақырыбында семинар өткізілді.

Аталған семинарды Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығының аға оқытушы әдіскері полиция подполковнигі А.Назарбаева 1-курс курсанттарына өткізді.

Іс- шараның негізгі мақсаты – курсанттардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, қазақ тілінің қоғамдағы маңызын түсіндіру, тіл мәдениетін қалыптастыру және қазақ тілінің болашақтағы рөлін насихаттау болды.

Семинар барысында қатысушыларға қазақ тілінің тарихы, оның мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі, қоғамдағы орны мен маңыздылығы туралы жан-жақты мәліметтер берілді. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді меңгерудің кәсіби қызметтегі, күнделікті өмірдегі және болашақ маман ретінде қалыптасудағы маңызы түсіндірілді.

Іс-шара барысында курсанттардың белсенділігін арттыру мақсатында сұрақ-жауап, пікір алмасу ұйымдастырылып, қазақ тіліне қатысты викториналар өткізілді. Қатысушылар қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап беріп, өз білімдері мен ой-пікірлерін ортаға салды.

Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, курсанттардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және тіл мәртебесін көтеруге өз үлесін қосты.

«Қазақ тілі – болашақтың тілі» тақырыбындағы семинар өз мақсатына жетіп, қатысушылардың мемлекеттік тілдің маңыздылығын терең түсінуіне, қазақ тіліне деген құрметі мен жауапкершілігін арттыруға оң әсерін тигізді.