4.10.2025



Қарты бар үйдің қазынасы бар дегендей, үлкендердің өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдары біз үшін қашанда үлкен маңызға ие.
Бүгін М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 2-курс курсанттары Қарттар күні мерекесіне орай, Қарттар үйінде шағын концерт ұйымдастырып, ата-әжелерге мерекелік көңіл-күй, қуаныш сыйлады. Сонымен қатар сенбілік өткізіп, мекеме аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді.
Ардақты қарттарымызға ұзақ ғұмыр, амандық тілейміз!






