18.05.2025



Қамқорлық — қайырымдылықтың негізі
102-топ курсанттары қарттар үйіне барып, ауланы тазалап, тал отырғызу жұмыстарын атқарды. Бұл — болашақ ұрпақтың үлкенге деген құрметі мен қамқорлығын білдіретін игі іс.
Қарттар — біздің тарихымыз, шежіреміз. Оларға көңіл бөліп, жан жылуын сыйлау — әрбір азаматтың парызы. Осындай шаралар арқылы жастар бойына адамгершілік, мейірімділік сынды асыл қасиеттер сіңеді.






