Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Қабылдау науқанына байланысты маңызды жиын өткізілді.

22.07.2025

2025 жылдың 21 шілдесінде оқу ордамызда институт бастығы полиция полковнигі Есболаев Ғалымжан Молдабекұлының төрағалығымен қабылдау науқанына байланысты маңызды жиын өткізілді.
Кездесу барысында комиссия құрамын нақтылау, қабылдау науқанын ұйымдастыру, медициналық тексеру және дене даярлығынан сынақтар тапсыру мәселелері қарастырылды.
Сондай-ақ талапкерлерге қолайлы жағдай жасау, іріктеу үдерісінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар ұсыныстар ұсынылды.