Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕЙМІЗ!

21.07.2024

ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына оқуға түсуге таңдау жасаған 15 өңірден келген үміткерлерді үш айналымнан тұратын таңдау кезеңі күтіп тұр.

Талапкерлер ҰБТ баллдары мен сынақтар нәтижелері негізінде, медицина мамандарының тексерісінен және дене даярлығынан нормативтер арқылы іріктеуден өтеді.

Үміткерлердің білім деңгейі ғана емес, физикалық тұрғыда даярлығы сыналады.

Ішкі істер саласында қызмет етуге бет бұрған талапкерлердің арасынан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар үздіктерді анықтаймыз.

Конкурстық іріктеу бойынша барлық жаңалықтарды назарларыңызға жеткізіп отырамыз. Бізбен бірге болыңыздар!