Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Институтта ерлер арасында әмбебап жекпе-жектен ашық турнир өтті

13.06.2023

Қазақстан полициясы күніне орай полиция қызметкерлерінің беделі мен абыройын көтеру, полиция қызметіне деген құрмет сезімдерін қалыптастыру мақсатында Институтта ерлер арасында әмбебап жекпе-жектен ашық турнир ұйымдастырылды.

Жарысқа үш салмақ дәрежесі бойынша спортшылар қатысты, оның құрамында 6 құрама команда – институт тыңдаушыларынан құралған, Ақтөбе облысы ПД, ЖҚЖ қызметкерлерінің командасы, ҰҚК, “ҚР Ұлттық ұланы” 6655 ә/б және 30238 ә/б әскери қызметшілерінен құрылған командалары.

Турнир қорытындысы бойынша командалық есепте:
I орын – Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ командасы
II орын – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі командасы
III орын – Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі 30238 ә/б командалары ие болды.

Құттықтаймыз!