Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«ӘУЕ КӨЛІГІ ОБЬЕКТІЛЕРІНДЕГІ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ІІО ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН ДӘРІС

23.11.2020

Ағымдағы жылдың 23 қарашасы күні 2020-2021 жылдарға арналған “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты көлік обьектілеріндегі қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының ұйымдастыруымен Көліктегі Полиция департаментінің Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне «Әуе көлігі обьектілеріндегі қылмыстардың алдын алу бойынша ІІО қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері» тақырыбында дәріс өткізілді. 

“Құқықтық мәдениет” арнайы жобасының басты идеясы – тұлғаны тәрбиелеу мен қоғамда биік талғам қалыптастыру болса, “Құқықтық мәдениет” жобасының негізгі қағидаттарының бірі – бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру жолында құқықтық мәдениеті толысқан қоғам құру.

Дәрісте ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының көлік обьектілеріндегі қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының  аға оқытушысы полиция майоры Е.Т. Алдияров әуе көлігі обьектілеріндегі қылмыстарды саралау проблемалары, олармен күресудің нақты ұсыныстары, қылмыстардың алдын алу бойынша ІІО қызметінің құқықтық негіздері туралы айта келе, бұл жобаның қажеттілігі туралы егжей-тегжей ұғындырып, қатысушылардың барлық сауалдарына тұшымды жауап берді.

Полиция майоры Е.Т. Алдияров – құқықтық білім беру негіздерін танымал ету бойынша халықтың әлеуметтік-құқықтық белсенділігін дамытпай, құқықтық саяси-экономикалық түбегейлі қайта құрудың тиімді, әрі нәтижелі орындалуы мүмкін еместігін айтып, тілге тиек етті.   

Дәріс соңында Көліктегі Полиция департаментінің Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің басшылығы ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының өкіліне берілген ақпарат үшін алғысын білдірді.

КӨЛІК ОБЬЕКТІЛЕРІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ КАФЕДРАСЫ