Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«Әйелдер кешбасшылығы және әйелдердін төтенше жағдайлар мен қақтығыстардың алдын алу мен шешуге, бейбітшілік пен кауіпсіздікті камтамасыз етуге қатысуы» онлайн семинар- тренингі.

23.11.2022

2022 жылғы 23 қарашасында институтының қызметкерлері полиция полковнигі А.Ф. Саттарова, полиция подполковнигі  А.М. Байманова, полиция майоры З.М. Куашева, полиция капитаны  К.Д. Такетова және полиция лейтенанты І.Б. Танатарова «БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1325 «Әйелдер көшбасшылығы және әйелдердің төтенше жағдайлар мен қақтығыстардың алдын алу мен шешуге, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуы» онлайн семинар-тренингіне қатысты.  Оқыту сессиялары Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның 2021 жылғы 10 желтоқсандағы отырысы хаттамасының  1.2.-тармағын іске асыруға бағытталған.   Тренинг тақырыбы Қазақстандағы әйелдер көшбасшылығын, көшбасшы әйелдің практикалық құралдарын пайдалануды ілгерілету, көшбасшы әйелді құқық қорғау құрылымдарында орналастыру мәселелері болды.