Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«ҰСТАЗДАР КҮНІ» МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ, ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС

5.06.2023

3-5 қазан күндері «Ұстаздар күні» мерекесіне орай, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жеке құрамы арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылған болатын.

Жарысқа 7 команда қатысып, нәтижесінде: 1 орынға «Жаңа Қазақстан» (оқу-саптық бөлінісі) командасы, 2 орынға «Арлан» (кәсіби даярлық факультеті, біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультеті және оқу-әдістемелік орталық) командасы, 3 орынға «Астана» (кадр саясаты бөлімі, оқытудың ақпараттық-техникалық құралдары бөлімі, жоспарлау және бақылау бөлімшесі) командасы ие болды.

Осы жарыста «Үздік қақпашы» номинациясына курс старшинасы Тажмағанбетов Мажит Толикович ие болса, «Үздік қорғаушы» номинациясына дене шынықтыру кафедрасының бастығы полиция подполковнигі Дуйсембаева Динара Аргиновна, «Үздік ойыншы» номинациясына институт бастығының орынбасары полиция полковнигі Қаракүшев Салимгерей Имангалиевич, «Үздік шабуылшы» номинациясына кәсіби даярлық факультетінің бастығы полиция полковнигі Амангельдиев Дархан Амангельдиевич ие болды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!