9.04.2022
2022 жылғы 4-9 сәуір аралығында Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығында «Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу» тақырыбында ювеналдық полиция қызметкерлерін оқыту курсы ұйымдастырылды.
Курс барысында ювеналдық полиция қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттыру мақсатында дәрістер мен практикалық сабақтар, сонымен қатар, кәсіби маңызды құзыреттерді өңдеу бойынша әртүрлі тренингтер өткізілді.
Соның ішінде 8 сәуір күні курсқа консультациялық, әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету үшін АӨМУ-нің педагогика, психология және бастауыш оқыту кафедрасының аға оқытушысы А.А.Утеуова қатысып, «Кәмелетке толмағандар арасында суицидтер жасауға ықпал ететін факторлар» тақырыбында осы саладағы тәжірибесімен бөлісті.
9 сәуірде оқудан өткен полиция қызметкерлеріне сертификаттар табыс етілді. Ювеналдық полиция қызметкерлері алған білімдері мен дағдыларын күнделікті қызметінде сәтті қолданады деп сенеміз.










