Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ОҚЫТУ НЫСАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ АЛУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

11.05.2023

Ағымдағы жылдың 11 мамырында кәсіби даярлық факультеті қашықтықтан білім беру технологияларын (ҚБТ) қолдана отырып, қысқартылған оқыту нысаны бойынша 3 курс (2020 ж. қабылдау) білім алушыларымен кездесу ұйымдастырды, оның мақсаты Мемлекеттік аттестаттау комиссиясына даярлау болып табылады.

          Кездесуде білім алушылар Мемлекеттік аттестаттауды өткізу тәртібімен, Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының жұмыс кестесімен, бейіндік пәндер бойынша шолу дәрістеріне міндетті түрде қатысу, мемлекеттік емтихандарға мұқият дайындалу бойынша кеңес берді.

         Түлектермен Мемлекеттік аттестаттауға қатысты бірқатар сұрақтарына факультеттен жауап алды.