Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«Қылмыстық процесті оңтайландыру бюрократиясыздандырудың бір бағыты» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

30.04.2022

2022 жылғы 29 сәуірде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті «Қылмыстық процесті оңтайландыру – қылмыстық іс жүргізу нысандарын бюрократиясыздандырудың бір бағыты және  іс жүргізу, сондай-ақ тергеу әрекетінің хаттамасы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
         Аталмыш конференцияға Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі Н.Т. Саханова қатысты. Конференция жұмысына сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының басшылары, белгілі шетелдік ғалымдар, құқық қорғау органдарының өкілдері, Бас прокуратураның қызметкерлері, Ресей Федерациясы ІІМ-нің жоғары оқу орындарының өкілдері, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.
         Конференция барысында қатысушылар жеңілдетілген алдын ала тергеу, жазбаша іс жүргізу, процессуалдық келісім және басқа да көптеген мәселелерді қамтыды және талқылады.