Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«Қылмыстық істер бойынша дәлелдемелер мен дәлелдеу: Ресей, Қазақстан, АҚШ және Ұлыбританияның Қылмыстық-процестік заңнамасын салыстырмалы-құқықтық талдау»

25.02.2021

2021 жылы 24 ақпанда екіжақты ынтымақтастық аясында,сондай-ақ, білім беру ұйымдары арасындағы достық пен серіктестікті нығайту мақсатында, Ресей ІІМ Омбы академиясының шақыруымен қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушылар құрамы, сондай-ақ, ҚР ІІМ М.Бөкенбаева атындағы Ақтөбе заң институтының 3-курс курсанты А.С. Афанасьева «Қылмыстық істер бойынша дәлелдемелер мен дәлелдеу: Ресей, Қазақстан, АҚШ және Ұлыбританияның Қылмыстық-процестік заңнамасын салыстырмалы-құқықтық талдау» тақырыбындағы онлайн халықаралық ғылыми конференцияға қатысты. Конференцияда курсант А.С. Афанасьева «Дәлелдеу процесінің кезеңдері» тақырыбында баяндама жасады, сондай-ақ, Ресей ІІМ Омбы академиясы курсанттарының 10 баяндамасы тыңдалды. Конференция жоғары ғылыми деңгейде өтті, ұсынылған баяндамалар өзекті, қызықты болып, мазмұнды ұсыныстар айтылды. Мұндай қарым-қатынас форматы отандық және шетелдік қылмыстық іс жүргізу заңнамасының құқықтық базасының жай-күйі мен дамуы мәселелерін неғұрлым терең және нақты қарауға және талдауға мүмкіндік береді.

ҚҚ ҚПжК

полиция полковнигі                                                             

Церковнова Е.