Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«Қылмысқа қарсы іс-қимыл: жас зерттеушілердің көзқарасы» тақырыбындағы 1-ші Халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция.

25.11.2022

Ағымдағы жылдың 25 қарашасында Мәскеу халықаралық институтымен (Мәскеу қ. Ресей Федерациясы) «Қылмысқа қарсы іс-қимыл: жас зерттеушілердің көзқарасы» тақырыбында 1-ші Халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.Аталған конференцияға онлайн форматта, ҚҚҚПжК және ІІО ӘҚ кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми жетекшілігімен институттың алғашқы кәсіби даярлық курстарының тыңдаушылары қатысты. ҚҚҚПжК кафедрасының бастығы полиция полковнигі Н.Т. Саханованың ғылыми жетекшілігімен тыңдаушы Бағындық Ислам «Киберпреступность и кибертерроризм»; ҚҚҚПжК кафедрасының доценті полиция полковнигі Е.А. Церковнованың ғылыми жетекшілігімен тыңдаушы Цайгер Алексей «Онлайн мошенничество» және ІІО ӘҚ кафедрасының доценті полиция майоры В.В. Хасанованың ғылыми жетекшілігімен тыңдаушы Шамиль Миянов «К вопросу о сервисной полиции в Республике Казахстан» тақырыптарында баяндамаларын ұсынды.Конференция Ресей Федерациясы, Беларусь және Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының басшылығының, профессор-оқытушылар құрамының, студенттерінің, курсанттарының, магистранттары мен аспиранттарының қатысуымен аралас офлайн/онлайн форматта өтті.Конференция барысында қылмыстарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеудің заманауи технологияларының алдын алу мен пайдаланудың тиімді шаралары, сондай-ақ осы қылмыстық көріністерге қарсы күресте елдердің құқық қорғау жүйесінің әлеуеті талқыланды.Конференция жоғары ғылыми деңгейде өтті, қылмыстық құқық пен қылмыстық процесті оңтайландыру, интернет-алаяқтықтарға, қаржы пирамидаларына, трансшекаралық қылмысқа, сондай-ақ қылмыстың басқа түрлеріне қарсы күресте әлеуетті арттыру бойынша өзекті ұсыныстар мен ұсынымдар айтылды.Біздің институт тыңдаушыларының баяндамалары аудиторияның шынайы қызығушылығын тудырды, ұсынылған шешімдердің өзектілігі мен жаңалығы ерекшеленді, конференцияға қатысушылар мен ұйымдастырушылар тарапынан жоғары бағаланды.