Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында “Қайсар” қоғамдық қоры семинар-тренинг ұйымдастырды

29.01.2024

2024 жылғы 29 қаңтарда  Орталық Азия елдеріне арналған «Луч света» аймақтық бағдарламасы аясында «Қайсар» қоғамдық қоры институт қызметкерлері мен тыңдаушыларына «Зорлық-зомбылық пен адам саудасынан зардап шеккен тұлғалармен жұмыс барысында жарақатқа бағытталған тәсілдеме» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды. Жаттықтырушылар ретінде Татьяна Владимировна Таганова (клиникалық психолог, отбасылық психология маманы, дағдарыс кезінде кеңес беру саласындағы тренер) және Сәуле Теңдікқызы Әубәкірова (Қайсар ҚҚ заңгері) сөз сөйледі. Шара барысында жәбірленушілерге қатысты физикалық, психологиялық және әлеуметтік зорлық-зомбылыққа қатысты аспектілер жан-жақты қарастырылды. Құқық қорғау органдары өкілдерінің зорлық-зомбылық құрбандарымен қарым-қатынас жасау мәселелері, жарақаттану және қайта жарақаттану ұғымдары талқыланды.