Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы мен ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты арасындағы академиялық алмасу бойынша Онлайн дәріс

27.02.2024

Дәріскерлердің оқу жоспарына  сәйкес 2024 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ЖЗП кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Р.Н.Джигитова Қазақстан Республикасы  ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 1 курс курсанттарына «Қазақстан Республикасы  Конституциялық құқығы» пәні бойынша «Қазақстан Республикасының Конституциясы-демократиялық қайта құрулардың негізі» тақырыбында онлайн дәріс өткізді.

Өткізілген дәріс сабағының мақсаты курсанттардың Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларды терең, толық түсінуін қалыптастыру: Қазақстан Республикасының Конституциялық сотының бекітілуі; Парламенттің рөлін күшейту, оның жұмыс істеу тәртібін, заңдарды қабылдау, Үкіметке есеп беру тәртібін өзгерту; Президенттің  өкілеттіктерін орындау мерзімін шектеу; демократиялық институттарды енгізу; қоғамды демократияландыру; адамның іргелі құқықтарын қорғау. Сабақта Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдаудың тарихи тәжірибесі қаралды.

Дәріс барысында дәріскер мен курсанттар арасында сенімді диалог қалыптасып, жас қазақстандықтардың толғандыратын бірқатар сұрақтар қойылды, оларға жауаптар алынды.