Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұхит Тойлыұлы Дәуленбаевты еске алуға арналған волейболдан жарыс

3.11.2021

2021 жылдың 29 қазанында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Дене шынықтыру кафедрасының ұйымдастыруымен бокстан КСРО спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұхит Тойлыұлы Дәуленбаевты еске алуға арналған ІІО офицерлері мен ардагерлері арасында волейболдан жарыс өтті.
Жарыстың ашылу салтанатында институт бастығының м.а. полиция полковнигі Алтай Бисенұлы Байсултанов сөз сөйлеп, сәттілік тіледі.
Волейболдан жарысқа 6 команда қатысты, ойын айналмалы жүйе бойынша өткізілді. Жинаған ұпайлардың қорытындысы бойынша
1-ші орынға институт басшылығының “Қорған” командасы,
2 – ші орынға “Елек” оқытушылар командасы және
3-ші орынға “Чемпиондар” оқытушылар командасы шықты.
Ойын қорытындысы бойынша команданың қатысушылары номинация бойынша марапатталды:
“Үздік ойыншы” номинациясында идеологиялық және имидждік жұмыс бөлімінің инспекторы полиция аға лейтенанты Диана Ниязова,
“Үздік байланыстырушы” номинациясында кезекші бөлім кезекшісінің көмекшісі полиция старшинасы Берік Ақбазаров,
“Үздік шабуылшы” номинациясында ҚҚБ курс бастығы полиция майоры Ерлан Қасымов.
Жарысқа қатысушылар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.