Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Қоян-қолтық ұрыс бойынша Халықаралық судья!

12.02.2022

Мәскеуде (РФ)  2022 жылдың 10-12 ақпан аралығында қоян-қолтық ұрыс бойынша халықаралық төрешілер семинары өтті, оның қорытындысы бойынша 2022 жылы қоян-қолтық ұрыс бойынша Әлем және Еуропа чемпионатына қатысатын төрешілер құрамы анықталды.

Институт басшылығы, жеке құрамы және тыңдаушылар дене шынықтыру дайындығы кафедрасының бастығы полиция майоры Динара Арғынқызы Дүйсенбаеваны қоян-қолтық ұрыс бойынша 3 санатты Халықаралық судья мәртебесін алуымен құттықтап үлкен жетістіктер тілейді.