15.06.2023
Ағымдағы жылдың 15 маусымында институттың біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің ұйымдастыруымен «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сервистік моделі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға институттың біліктілікті арттыру және қайта даярлау курсының тыңдаушылары, ҚР ІІМ-нің ведомстволық оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, Ресей ІІМ-нің Барнауыл заң институты және Ресей ІІМ-нің Орал заң институтының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында өзекті мәселелерді шешуге бағытталған баяндамалар тыңдалып, практикалық ұсыныстар жинақталды.










