Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«Қоғам құқықтық тәртіпті қолдайды» атты форум.

27.10.2021

27 қазан күні Ақтөбеде «Қоғам құқықтық тәртіпті қолдайды» атты форум өтті.

2019 жылы Ақтөбе облысында қоғамды құқықбұзушылықтың алдын алуға тартатын, елде баламасы жоқ бірегей жоба басталған болатын. Жоба ведомствоаралық жоспар түрінде жүзеге асырылуда. Онда мемлекеттік органдардың жұртшылықпен өзара әрекет етуі, халық жасағын құру, жастардың еріктілер қозғалысы желісін дамыту, қоғамдық бірлестіктерді, жоғары оқу орындары мен еңбек ұжымдарын құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыстарға тарту қарастырылған.

Форум қорытынды жасап, жұртшылықты құқықтық тәртіпті қорғауға және қоғамда құқықбұзушылыққа «нөлдік төзімділікті» қалыптастыруға байланысты әрі қарайғы жоспарларды талқылайтын диалог алаңына айналды.

Форумды ұйымдастырған – Ақтөбе облысының әкімдігі мен облыстық прокуратура.

Оның жұмысына өңір басшысы Оңдасын Оразалин, құқық қорғау органдарының басшылары, мәслихат хатшылары, құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мүшелері, облыстық Қоғамдық кеңес өкілдері, облыстың жоғарғы оқу орындарының, ұйымдар мен кәсіпорындарының басшылары қатысты. Облыс аудандарының делегаттары форумға онлайн түрде қатысты.