Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Қазақтың батыр қызы

8.08.2025

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына қазақ күресінен жеті дүркін және дзюдодан бес дүркін Қазақстан чемпионы, спорт шебері Замзагүл Файзолланқызы арнайы қонақ ретінде келді.
Кездесуге институттың жеке құрамы мен тыңдаушылар қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты — жастарға спортқа деген сүйіспеншілікті арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және спортшының өмір жолы мен жетістіктерін үлгі тұту. Кездесу барысында Замзагүл Файзолланқызы өзінің спорттағы алғашқы қадамдары, жеңістері мен қиындықтары туралы әңгімелеп берді. Ол жастарға өз мақсаттарына жету үшін табандылық, еңбекқорлық және мықты ерік-жігердің маңызды екенін атап өтті. Замзагүл Файзолланқызы сөз соңында тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріп, оларға спорттық жолда табыс тіледі.
Институт басшылығы спортшыға келгені үшін алғыс білдіріп, оның еліміздің спорт саласына қосқан үлесін жоғары бағалады. Бұл кездесу курсанттар мен студенттер үшін үлкен мотивация беріп, олардың бойында патриоттық сезімді оятты.
Замзагүл Файзолланқызының жетістіктері жас буын үшін үлгі-өнеге болып қала бермек.