Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі: Даму стратегиясы мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел

16.12.2021

14 желтоқсанда Қазақ-Орыс Халықаралық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі: Даму стратегиясы мен перспективалары» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге Ақтөбе облысы Нұр-Отан партиясының мүшесі, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушы Маншүк Жакатовна Мусина қонақ ретінде шақырылды және Құқық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, 2 және 3-курс студенттері, жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі А.С.Абилова және жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушысы, «Зангер» курсанттық ғылыми-зерттеу үйірмесінің жетекшісі, полиция капитаны Г.Т. Симанова және 4-курс курсанттары қатысты.
         М.Ж.Мусина 1986 жылы Алматы қаласында өткен Желтоқсан оқиғасына қатысып, студенттерге 17 жасында басынан кешірген оқиғалар туралы айтып еске алды.
         Жастардың отанға деген патриоттық сезімін, азаматтық борышын, болашаққа деген жауапкершілігін жетілдіру, елге деген патриоттық рухы биік болған жастарды бүгінгі өскелең ұрпаққа таныстыру, насихаттау мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде студенттер мен курсанттар ел тәуелсіздігі туралы баяндамаларын оқып, алғыс хаттармен марапатталды.